Өскеменде кезекті "Қазақстан оқушысы - 2008" көпкүндік велобәйгесі басталды
Өскемен. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде кеше кезекті "Қазақстан оқушысы - 2008" атты 29-шы көпкүндік велобәйге басталды. Ол 17 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып. |
"Дәстүрлі велобәйгеге 13 команда қатысып отыр. Олардың қатарында Өзбекстан командасы да бар. Шараны ұйымдастырушылар Білім және ғылым министрлігі, осы министрліктің Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және білім беру басқармасы", - деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін