Өскеменде көлігін оталдыра алмаған жүргізушілер аязда үсіп қалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде көлігін оталдыра алмаған жүргізушілер аязда үсіп  қалып жатыр

Өскеменде көлігін оталдыра алмаған жүргізушілер аязда үсіп қалып жатыр

Еліміздің шығыс өңірінде үскірік аяздан жапа шегіп, қол-аяқтары үсіп қалған адамдардың саны артуда. Тек Өскеменнің өзінде бір түн ішінде оннан астам адам ауруханаға түскен. Себебі, өңірдегі ауа температурасы түнгі уақытта - 30 градустан төмендеп кеткен.

  • 3 Ақпан 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің көмегіне бұрын үйсіз қаңғыбастар жүгінсе, қазір көлік жүргізушілері жиі келетін болған. Таңертең темір тұлпарларын қыздырудың амалын жасап, ұзақ уақыт сақылдаған саршұнақ аязда сыртта жүруге мәжбүр. Төменгі температура бірінші кезекте қан тамырлары мен адамның терісіне әсер етеді екен. Үсік шалғандардың ауруы асқынбай тұрған кезде дәрігерге қаралғаны абзал. Ондай жағдайда үсік шалған дене мүшелерін сақтап қалуға болады. Ал асқынып кетсе, кесіп тасталуы мүмкін.

Еркін Дүйсекин, травматология бөлімінің меңгерушісі:

— Тұрмыс жағдайы тәуір жандар да көмек сұрап келеді. Адамның басынан түрлі жағдай өтеді. Өкінішке қарай, үсік шалғаннан кейін мүгедек болып қалуы да мүмкін. Кейде адамның өміріне араша түсу үшін қолын немесе аяғын кесуге туре келеді.