Өскеменде мүсіншілердің ІІ халықаралық симпозиумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде мүсіншілердің ІІ халықаралық симпозиумы өтеді

Өскеменде мүсіншілердің ІІ халықаралық симпозиумы өтеді

Бүгін Өскеменде Мүсіншілер симпозиумының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

  • 21 Маусым 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Қалалық жердегі мүсін» деген тақырыпқа арналған бұл шараға әлемнің 11 елінен 17 мүсінші қатысқалы отыр, деп хабарлады Өскемен әкімдігінен.

Конкурсқа Шотландия, Израиль, Түркия, Украина, Италия, Қытай, Польша, Германия, Грекия, Беларус елдерінен және Қазақстаннан шеберлер қатысады.

Қалалық сәулет бөлімінің басшысы Мұратхан Сағатовтың айтуынша, былтырғы конкурстан айырмашылық сол, биыл конкурстың уақыты 2 айдан 1 айға қысқартылып отыр. Конкурс шарты бойынша, мүсіншілер өз туындыларын қаланың кез келген жеріне орналастыру құқығына ие болады. Ал бірінші орынның иегерін 1,5 миллион теңге алады. Екінші орын үшін 750 мың теңгеден екі жүлде қарастырылса, үшінші орын үшін 450 мың теңгеден үш жүлде бар.