«Тамыз айының басынан бері Өзбекстан Республикасынан төмендетілген бағамен жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізу ісі ұйымдастырылды. Оны жүзеге асыру үшін облыс орталығында 31 орын ұсынылды. Қазіргі таңда 48 тонна өнім жеткізілді», — деп хабарлады Е. Нұрланбаев. Ол сондай-ақ, жақын уақытта Өзбекстаннан 25 тонна картоп жеткізу күтіліп отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, 22 тонна картоп пен 3 тонна пияз Шымкенттен әкелінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті