Өскеменде қаржы алаяқтығын ұйымдастырды деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде қаржы алаяқтығын ұйымдастырды деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды

Өскеменде қаржы алаяқтығын ұйымдастырды деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «қаржы пирамидасы» түрінде заңға қайшы қызмет ұйымдастырған

  • 23 Қаңтар 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

50 жастағы әйелді ұстады.

«Іскер» әйел қала орталығында ЖШС түрінде кеңсе жалдап, ойдан шығарылған ««Bank of Kingdom» ағылшын банкінің атынан 100 000 ЕВРО көлемінде пайызсыз несие ұсыну туралы сенгіш клиенттермен келісім-шарттар жасаған. Оған қоса, делдалдық ету үшін жеке тұлғалардар 75 000 теңге және заңды тұлғалардан 180 000 теңге сұраған. Кейбір клиенттеріне банктік төлем карточкаларын таратып, сол карточкаларға біраз уақыттан кейін кредиттік сомалар түседі деп айтқан. Оған қоса, аталған карточкалар үшін 20 мың теңге алған.

Қазіргі уақытта, полицейлер жалған құжаттама мен карточкаларды тәркілеген. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, істің мән-жәйін анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.

Облыстық ІІД ҰҚҚКБ бастығы Абай Бақтияровтың айтуынша полицияға 20 жәбірленуші хабарласқан. Алайда, біздің мәліметтер бойынша аталған әйелдің алаяқтық әрекеттерінен жәбірленушілер саны анағұрлым көп, олардың арасынад облыс орталығының тұрғындарынан басқа, ШҚО аудандарынан көптеген тұрғындар бар.


Аталған компаниямен келісім-шарт жасасқан адамдарды 234-374, 8-777-8587637 телефондары арқылы хабарласуын сұраймыз.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі