Өскеменде Сәбилер үйінің директоры ауру балаларға деп өз есепшотына ақша жинаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Сәбилер үйінің директоры ауру балаларға деп өз есепшотына ақша жинаған

Өскеменде Сәбилер үйінің директоры ауру балаларға деп өз есепшотына ақша жинаған

Өскеменде Сәбилер үйінің директоры жеке есепшотына елден ақша жинаған.

  • 20 Қараша 2020
  • 161
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемендегі Сәбилер үйінің бұрынғы директоры Құралай Исенованың басы дауға қалды. Бұл оқиға ол осы қызметке тағайындалған соң арада үш ай өткенде басталған. Ол қоймадан мерзімі өтіп кеткен жаялықтарды көрген, алайда ешқандай шара қолданбаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Лидің сөзіне сенсек, мерзімі өткен бұл тауар жойылуға тиіс болатын.

Қазір Сәбилер үйінде осыған байланысты мұқият тексеру жүріп жатыр. Аталмыш тексерудің барысында Құралай Исеноваға қатысты бірқатар жайттың басы ашылды.

«Құралай Исенова жекеменшік қорды басқарған, онысы құжатпен расталып отыр. Қайырымдылық ұйымының құрылтайшы құжаттарымен қатар, Facebook парақшасы да бар. Жай ғана ішінара тексерудің өзінде ауру балаларға және Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қаржы аударатын есепшот Құралай Исенованың өз атына рәсімделген болып шықты. Алайда Сәбилер үйінің өз ресми есепшоты бар ғой. Сондай-ақ, Құралай Исенова іссапарға кеттім деп есеп берген, бірақ оның іссапарға барғанын растайтын құжаттар жоқ. Демек, мұнда еңбек заңнамасы өрескел бұзылып тұр» делінген басқарма таратқан хабарламада.

Мекеменің мәліметінше, қазір кішкентай баламен жұмыс істейтін адамдардың бір жаққа баруға моральдық құқығы жоқ, өйткені бұл өте қауіпті — олар коронавирус жұқтырып әкеліп, оны бүлдіршіндерге таратуы мүмкін.


«Құралай Исеновамен жасалған келісімшарт бұзылды. Ол сынақ мерзімінен өте алмады. Соңғы мәлімет бойынша, оның тағы бір себебі — қайырымдылық қаражатының мақсатсыз жұмсалуы. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы мекеменің ішкі жағдайын тұрақтандыру үшін тиісті шараның бәрін қабылдайды», — дейді Владимир Ли.

Соңғы жаңалықтар