Өскеменде сарбазды өлімге итермеледі деген күдікпен командир қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде сарбазды өлімге итермеледі деген күдікпен командир қамауға алынды

Өскеменде сарбазды өлімге итермеледі деген күдікпен командир қамауға алынды

Ал Өскемен гарнизонына қарасты шекара заставасының бастығы «адам өлтірді» және «қызметін асыра пайдаланды» деген күдікпен қамауға алынды. Осы «Туат» бекетінен 6-шы мамыр күні әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың өлі денесі табылған болатын.

  • 14 Мамыр 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысынан әскерге шақыртылған Арман Наурызғалиев жарты жыл қызмет өтеген. Қазір оның мүрдесі табытпен туған жеріне жеткізілді. Марқұмның денесін үйіне жеткізген әскерилер, сарбаз өзін-өзі өлтірді деп айтыпты. Алайда, олардың сөзіне иланбаған ата-анасы, мәйітті аштырған. Сарбаздың қолында кісеннің ізі қалыпты. Әрі басында ғана емес, бірнеше жерінен оқ тиген. Қайғылы оқиғадан бір апта өткен соң, әскери прокуратура марқұм сарбаз қызмет еткен заставаның бастығын қамауға алды. Командирдің Арманға қырын қарап, үнемі қол жұмсайтынын қасындағы сарбаздар да айтып отыр.


Марат Наурызғалиев, марқұмның әкесі:

Адам өзін өзі екі рет қалай атады? Бір оқ мына жерінен атылып, мына жерінен шыққан. Екіншісі мына жерден атылған.