Өскеменде сүңгуірлер Ертіске секірген жігітті құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде сүңгуірлер Ертіске секірген жігітті құтқарды

Өскеменде сүңгуірлер Ертіске секірген жігітті құтқарды

Бүгін Өскеменде облыстық ТЖ департаментінің сүңгуірлері Ертіске секірген 28 жастағы жас ер адамды құтқарып қалды.

  • 30 Маусым 2015
  • 667
Фото - Caravan.kz

Оқиға күндізгі уақытта вокзал маңындағы өзенде орын алған.

Бастапқыда жігіт жақын жерде көпір жөндеп  жатқандардың назарын аудартты. Жұмысшылар дереу құтқарушыларды шақыртты.

Осы арада көпір жақтауында тұрған әлгі жігіт  Ертіске секірді. Оқиға орнына келіп жеткен сүңгуірлер жұмысшылардың көмегімен оны судан алып шығып,  бірінші медициналық көмек көрсеткен соң, дәрігерлерге тапсырды.

Куәгерлер жігіттің өзін бір түрлі ұстанғанын, және оның әрекеттері жүйке ауытқуы бар адамға ұқсайтынын айтты.


Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «куәгерлер мен құтқарушылардың жедел көмегінің арқасында өз-өзіне қол салу әрекетіне жол берілген жоқ».