Өскеменде тасыған су жеке үйлер мен демалыс аймағына дейін жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде тасыған су жеке үйлер мен демалыс аймағына дейін жеткен

Өскеменде тасыған су жеке үйлер мен демалыс аймағына дейін жеткен

Ертіс өзенінің арнасынан тасуы жалғасуда. YK-news.kz  хабарлауынша, тасыған су жағалауда орналасқан жеке үйлерге дейін жетіпті.

  • 24 Маусым 2016
  • 450
Фото - Caravan.kz

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, судың қауіпті деңгейіне байланысты мазасызданған халық жедел желіге 356 рет қоңырау шалыпты. Салыстыратын болсақ, бұдан бір күн бұрын сегіз рет қана қоңырау шалынған. Құтқару қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындармен психолог мамандар жұмыс жасауда.

Қауіп-қатер аймағында Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан Өскемен қаласының Аблакетка мен Сол жақ жағалауларының тұрғындары қалыпты. Арнасынан асқан су өзенге жақын орналасқан жер телімдерін алуда. Солардың қатарында «Резиденция аралды» да су басып қалды. Осы аптаға жоспарланған үйлену және мектеп бітірушілер тойлары басқа күндерге ауыстырылды.

Ғашықтар саяжолы аймағында арықтан асып, жаяу жүргіншілер жолына жайылып кеткен. Пермитин көшесінен Қабанбай батыр көшесінің қиылысына дейінгі жолдарда тоқтау судың салдарынан қозғалыс қиындады, кейбір көліктер жол бойында сөніп қалып жатты.  Сол себепті, жол полициясы қызметкерлері аталған жол бөлігінде көлік қозғалысын шектеді.


Куәгерлердің айтуынша су қала әкімшілігі жанындағы көлік қоятын орынға дейін көтерілген.

Соңғы жаңалықтар