Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай 60 отбасына пәтер кілті табысталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай 60 отбасына пәтер кілті табысталды

Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай 60 отбасына пәтер кілті табысталды

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбекшілеріне, мүгедектерге, жесірлерге, көп балалы аналарға және жетім балаларға Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай 19 ықшамауданындағы 60 пәтерлік №43 үйден жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Салтанатты рәсімде өңір әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қоныстанған ардагерлер Роман Мырзалиновке және Василий Евдокимовке өмірінің соңына дейін жеңісті мамыр күндерін жаңа пәтерлерінде қарсы алуға тілек білдіріп, тоңазытқыштар сыйлады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қыметінен.

Ардагерлер, олардың балалары және немерелері әкімге өз алғыстарын білдіріп, мереке қарсаңындағы жаңа қоныстанудың өте қуанышты сыйлық болғанын жеткізді.

Бұл үйдің құрылысын «Алтайстрой» ЖШС мердігерлері 2012 жылы бастаған. Шарт бойынша жалпы құны 333 215 млн. теңгені құрады.