Ал қолдағы көліктің саны бар жоғы 30. Сондықтан, науқастар оларды 2-3 сағат бойы күтуге мәжбүр. Дәрігерлер бұл жағдайды күн райының күрт құбылуымен байланыстырып отыр. Былтыр дәл осы маусымда мұндай аурулардың саны 2 есе аз болыпты. Биылғы тұмау әсіресе ересектерге қырғидай тиген. Сондықтан эпидемиологтар мектептерде карантин жариялаудың қажеті жоқ деген шешімге келіпті. Жедел жәрдем орталығындағылар енді тұмаудың екінші кезеңін күтуде. Қазір олар күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.
Гүлнәр Текеманова, Жедел медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары:
-Шақыру өте көп. 800-ге дейін барды. Бір суық, бір жылы осыдан болар. Бұл жыл сайын болатын жағдай болғанымен биыл өте көп. Шамамыз келмей жатыр.