Жеке меншік компаниялардың бірінің директоры және бөлім бастығы жұмысшыларды күнделікті америкалық жазушы Лафайет Хаббардың еңбектерін зерттеуді, саентология туралы бейнеролик көруді мәжбүрлеген, делінген сейсенбіде облыстық прокуратурадан таралған ақпаратта.
Олар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 374-1 бабының 1 және 2 тармақтары бойынша кінәлі деп танылды.
Бөлім бастығы мен компания директорына сәйкесінше 100 және 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.
Прокуратурадан еске салып өткендей, "Шығыс Қазақстанның саентологиялық шіркеуі" діни бірлестігі 2012 жылы қараша айында таратылған.