«Қалада жеті күнде өткір респираторлық вирусты инфекциямен ауыру диагнозы 1975 тұрғынға қойылды, олардың екеуіне қойылған А1 және В түріндегі тұмау деген диагноз расталды», -дейді мекемедегілер.
Эпидемиолог мамандардың мәліметінше, бір аптада 19 адам, соның ішінде 14 бала ауруханаға жатқызылған. Алайда қаладағы мектептер қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде. Біреуі де карантинге жабылған жоқ», -дейді департаменттегілер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жоғары ауру көрсеткіші бұрынғыдай Өскемен, Семей, Аягөз қалалары мен Зыряновский және Абай аудандарында тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті