Өскемендегі ірі кәсіпорындарда қысқарту болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендегі ірі кәсіпорындарда қысқарту болмайды

Өскемендегі ірі кәсіпорындарда қысқарту болмайды

Өскемендегі 10-нан астам ірі кәсіпорынның жетекшісі жұмысшыларды қысқартпау және өндірістегі өнім көлемін арттырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әрі қарай сақтау жөнінде қала әкімімен меморандумға қол қойды, деп хабарлады 24.kz.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұған ел үкіметінің жергілікті атқарушы билікке берген арнайы тапсырмасы түрткі болды.

Бұл шараға Өскемен қаласындағы бірқатар кәсіпорынның басшылары түсіністікпен қарап отыр. Олардың қатарында Өскемен металл-құрылғылар зауыты, Технологиялық құрал-жабдықтар зауыты, Өскемен жылу жүйелері, «Промтехмонтаж» сияқты ірі кәсіпорындар бар.

Ақпанның 10-ына дейінгі аралықта тағы бірқатар кәсіпорын басшыларымен мәмілеге келу көзделуде. Осы жолы әкімдікпен келісімге отырған әрбір кәсіпорында 200-ден 500 адамға дейін жұмыс істейді.