Өскемендік полицейлер Қырғызстандық алаяқты ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+36 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендік полицейлер Қырғызстандық алаяқты ұстады

Өскемендік полицейлер Қырғызстандық алаяқты ұстады

Өскемендік полицейлер Шығыс Қазақстан аумағында алаяқтықпен айналысқан Қырғызстан азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өскемен қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпатарына сәйкес, Қырғызстан армиясында 13 жыл қызмет етіп, ақыр соңында офицер атағына нұқсан келтіргені үшін жұмыстан шығарылған ол Қазақстанға келіп алаяқтықпен айналыса бастаған.

Мүлдем жоқ әскери бөлімнің таңбасын қолдан жасап, жасанды қызмет куәлігі мен әскери киімді пайдаланған ол кәсіпкерлерге келіп өтірік айтып, қаржы немесе дүние -мүлік сұрайтын болған. Ол көбінесе «біздің әскери бөлімге министрліктен тексеру комиссиясы келді, сол комиссия мүшелеріне тарту-таралғы беру керек»,- деген жалған сылтауды алға тартқан. Осылай деп өтірікті судай сапырған әлгі алаяқ кәсіпкерге кепілдеме хат пен сенім қағаздарын қалдырып, бағалы заттарды алып тайып отыруды әдетке айналдырса керек. Осындай жолмен ол Семейдегі бір кәсіпкерден жасанды сенім қағазының көмегімен 70 мың теңгенің 13 кілемін алып кеткен. Тағы да осындай тәсілмен алаяқ Аягөздегі екі дүкеннен алтын бұйымдарды алдап алған. Ал Өскемен базарында сауда жасайтын жеке кәсіпкерден әлгі алаяқ камуфляждық форманың 14 жинағын алып кеткен.
Қазір күдікті қамауға алынып, ұрланған барлық заттар тәркіленіп иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ, алаяқтан қызмет куәлігінің 56 бланксы, әскери қызметкер деген куәліктің 9 карточкасы, жасанды кепілдеме хаттар мен сенім қағаздары, Қазақстан әскери қызметкерінің киімі тәрізді заттар алынды.
Қазір осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полиция алаяқтың алдауына ұшыраған Шығыс Қазақстандық басқа да тұрғындарды анықтауда.