Өскеменге Қытай кәсіпкерлерінің делегациясы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменге Қытай кәсіпкерлерінің делегациясы келді

Өскеменге Қытай кәсіпкерлерінің делегациясы келді

Өскеменге елдер арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды реттеу үшін Қытай кәсіпкерлерінің делегациясы екі күндік сапармен келді.

  • 3 Шiлде 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz

Делегация құрамында ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, өнеркәсіп және сауда, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларында жұмыс істейтін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің 80 кәсіпкері бар.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін ҚХР ШҰАӨ Алтай және Тарбағатай округтерінің басшылары келді.

«Алтай» технопаркінде ШҚО туристік әлеуетінің көрмесі ашылды, бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен екі өңірдің іскерлік орталарының бизнес-кездесулері жоспарланған.

Қытайлық қонақтар бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік, энергетикалық, құрылыс салалары, туристік кластер т.б.


Өңірге сапар барысында бірлескен жобалар туралы нақты келісімдерге қол қойылады.