"Өскемен-Водоканал" МҚК-на жаңа тарифті бекітуіне тыйым салынды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өскемен-Водоканал" МҚК-на жаңа тарифті бекітуіне тыйым салынды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

"Өскемен-Водоканал" МҚК-на жаңа тарифті бекітуіне тыйым салынды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Өскемен. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Водоканал" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жаңа тарифті бекітуіне тыйым салынды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасынан хабарлады.

  • 7 Ақпан 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Тыйым салу себебі өтініште шығындардың жекелеген баптары бөлімінде тариф жобасын есептеудің қолданыстағы заңға сәйкес мәліметтерінің болмауы», — деп хабарлады мекемедегілер.

Заңға сәйкес өтініш 55 күн ішінде қаралады. «Өскемен-Водоканал» МҚК-на қатысты шешім сол күні-ақ қабылданған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 5-ақпан күні «Өскемен-Водоканал» МҚК басшылығы су шаруашылығы және канализациялық жүйе қызметіне тарифті 2008 жылдың 1-сәуірінен бастап 59 пайызға ұлғайту қажеттігі жөнінде мәлім еткен болатын.

«Өскемен-Водоканал» МҚК жылдың екінші жартысында тарифті көтеру жөніндегі келесі өтінішін үстіміздегі жылдың мамыр айында беруге құқығы бар», — деп атап көрсетті мекемедегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті