О.Сүлейменов «Күлтегін» медалімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
О.Сүлейменов «Күлтегін» медалімен марапатталды

О.Сүлейменов «Күлтегін» медалімен марапатталды

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 80 жасқа толуына орай «Әлем адамы» атты форум өтіп жатыр.

  • 12 Мамыр 2016
  • 413
Фото - Caravan.kz

Шара барысында ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабек ақынды «Күлтегін» орденімен марапаттады.

«Бұл форум бізде өтіп жатқаннан кейін университет тарапынан да бір құрмет болуы керек деп шештік. Сонымен ғылыми кеңестің ұйғарымымен, ректорымыз Ерлан Сыдықовтың ұсынысымен Олжас Сүлейменовті университетіміздің үлкен белгісі «Күлтегін» медалімен марапаттамақпыз», — деді ол.

Форумға ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР-дың ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі ұлттық комиссияларының, Қазақстан Жазушылар одағының, Әзербайжан мен Грузия Елшілігінің өкілдері қатысуда.