Осы аптада еліміздің алты облысында 40 градус ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы аптада еліміздің алты облысында 40 градус ыстық болады

Осы аптада еліміздің алты облысында 40 градус ыстық болады

Осы аптада Қазақстанның алты облысында, еліміздің батысы мен оңтүстігінде де, солтүстігінде де күн қатты ысиды.

  • 29 Маусым 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, 29-маусым – 1-шілде күндері Атырау облысында +40+43 градустық ыстық сақталады. 30-маусым – 2-шілде аралығында Маңғыстау өңірінде термометр көрсеткіштері +40+45 градусқа дейін көтерілмек.
Аталған үш күнде Қызылорда облысында да +45 градус ыстық болады.
Маусымның 30-ы мен шілденің 1-і аралығында Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 40 градустық аптап болады.