Ақтауға шетелдік мамандармен бірге республикалық ғылыми орталықтардың қызметкерлері де барды. Бүгін олар ауруханада жатқан жасөспірімдерді қарап шықты. Оқушылардың неден құлап жатқанын енді сараптамадан кейін белгілі болмақ. Ал соңғы дерек бойынша тек Маңғыстау облысы бойынша қызылшаға қарсы екпеден 117 бала, Теміртауда 20 студент, Атырауда 8 оқушы зардап шеккен. Таразда бір оқушы психдиспансерге түссе, шымкенттік қыздың өлімін туыстары осы үнділік вакцинадан көреді. Дегенмен мамандар дәріден гөрі, балалардың жай-күйін үреймен байланыстырып отыр.
Сергей Скляр, Республикалық психиатрия Ғылыми-тәжірибе орталығының қызметкері:
-Олар айналасындағыларды көріп, жүйкелері сыр берген. Себебі вакцина адамға еге салысымен әсер етпейді. Бұлардың бәрі психо-эмоционалдық фактордың әсері.