Елбасының алдынан шыққан әр ғалым өз еңбегін мақтап оның ерекшелігін көрсетуге тырысып жүр. Зертхана мен технопаркті асықпай аралап шыққан президентке, медицина, физика, нанонтехнология саласындағы соңғы жетістіктерін паш етті. Ал «Өмір туралы ғылымдар орталығы» Назарбаевқа геномдық зерттеулер, ісік, жүрек-қан тамырлары, обыр ауруларын емдеудің түрлі тың жолдарын баяндап берді. Жаңа технологияларды енгізіліп жатқанын көрген мемлекет басшысы бұл табыспен тоқтап қалмауға кеңес берді.