Жарияланды: 20

Отандық өнім өндіру кәсіпорындарында KPI индикаторы енгізілді

Отандық өнім өндіру кәсіпорындарында KPI индикаторы енгізілді

Елімізде өнеркәсіп орындарында жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында KPI индикаторы енгізілді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында отандық өнеркәсіп саласында нысаналы индикаторлар (KPI) белгіленіп, енгізілді. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған жергілікті қамтудың орташа үлесі мынадай: құрылыс материалдарын өндіру бойынша 77,3%, жиһаз өндірісінде - 68,5%, жеңіл өнеркәсіпте - 65,5%, целлюлоза-қағаз саласында - 53,7%, химияда - 36,2%, фармацевтикада - 32,3% және машина жасауда - 19,5%-ды құрайды», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ, министр отандық тауар өндірушілерге көрсетілетін қолдаудың барын алға тартты.

«Ұлттық экономиканы дамыту стратегиясын іске асыру аясында отандық өндірушілерді қолдау үшін біздің министрлік жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

Атап айтқанда, бүгінде халықаралық міндеттемелерге сәйкес отандық өндірушілерді қолдаудың механизмдері әзірленді. Жаңа шара ішкі нарықты қамтамасыз ету мен ұзақ мерзімді тапсырысты орындауға бағытталған. Осы орайда біздің министрлік нарықтағы субъектілердің сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді», - дейді ол.

Бұған дейін ведомство басшысы Қазақстанда ірі мұнай операторлары бірлесіп жол картасын бекіткенін айтты.

Сондай-ақ, отандық тауар өнімі үлесін арттыру мақсатында алдағы жылдары бірнеше жаңа кәсіпорынның салынатыны мәлім етілді.

Одан бөлек, Б. Атамқұлов еліміздегі көмір жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін