Жарияланды: 50

Отбасы 17 жасар қызын аукционда 500 сиыр мен 3 автокөлікке сатты

Отбасы 17 жасар қызын аукционда 500 сиыр мен 3 автокөлікке сатты

Алты ер адам, оның ішінде жоғары лауазымды шенеунік пәк қызға үйленуге үміткер болды.

Оңтүстік Суданда тұратын отбасы өзінің 17 жасар қызын Facebook-тегі аукционда сатып, рекордты сыйақы: 500 сиыр, үш автокөлік және 7,5 мың фунт стерлинг алды. Қыз бизнесменге тұрмысқа шықты, қалыңдыққа одан басқа бес адам, оның ішінде жоғары лауазымды шенеунік таласты.

Аукционға сондай-ақ штат губернаторының орынбасары Дэвид Майом Риак қатысты. Ер адам қызға 250 сиыр ұсынған, деп хабарлады Sputniknews.kz life.ru-ға сілтеме жасап.

"Мен бұл отбасыны жақсы білемін, өйткені біз бұрын көрші тұрдық. Ол кішкентай кезінде мен оған үйленуге уәде бердім", — дейді Дэвид Майом Риак. 

Қазірдің өзінде тоғыз әйелі бар Кок Алат жеңімпаз деп жарияланды.

"Дамыған технологияларды қолданды демесеңіз, бұл – кәдімді құл иеленушілер базары. Біздің заманымызда қыздарды күйеуге беру үшін әлеуметтік желі арқылы сату ақылға сыймайды. Ол әлі бала, ал оған зат секілді қарап отыр", — дейді құқық қорғаушы.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін