Жарияланды: 410

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда бірнеше адам суға кетті

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда бірнеше адам суға кетті,

деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен. Шүлбі су қоймасында шомылып жүріп суға батып кеткен 34 жастағы азаматтың денесін құтқарушылар 4 сағаттан кейін тапты. Куәгерлердің айтуынша, ол азамат ішімдікке тойып алып, су табаны тексерілмеген жерге барып шомыла бастаған. Семей құтқарушылары суға кеткен тағы бір адамның денесін Ертіс өзенінен алып шықты. 1977 жылы туған азаматтың денесі затоннан табылды. Осыдан 5 күн бұрын ол скутер айдап жүріп, аударылып, суға батып кеткен. Сүңгушілер осыдан 1 апта бұрын Зайсан көліне моторлы қайықпен шығып, суға батып кеткен 7 және 9 жасар екі жасқспірімнің денелерін әлі іздестіруде. Қатты желден қайық жағалаудан 2 шақырымдай жерде аударылып кеткен. Балалар суға батып кеткен жердің тереңдігі 5 метрдей. Қатты жел мен лай су іздестіру шараларын қиындатып отыр. Тағы осындай екі оқиға Аягөз және Зырян аудандарында болған. Екі адам шомылуға арналмаған жерге суға түсіп, батып кеткен. Өскеменде де қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Қараңғыда трап арқылы теплоходтан теплоходқа өтіп бара жатқан кезде механик суға құлап кеткен. Оның денесі әлі табылған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін