Жарияланды: 30

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 5 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды

 Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады деп жазды sputnik.kz - сілтеме жасап Caravan.kz межиа порталы.

Өткен тәулікте 5 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Оның алдында бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды.

22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

242 адамның жағдайы ауыр, 53 адам аса ауыр жағдайда жатыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 699 адамнан коронавирус анықталды, 13 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 208 117 адамнан коронавирус анықталды, 2 699 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 48 983 адам пневмонияға шалдықты, 612 адам көз жұмды.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін