Өткен тәулікте республиканың су қоймаларында 10 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте республиканың су қоймаларында 10 адам қаза тапты

Өткен тәулікте республиканың су қоймаларында 10 адам қаза тапты

Өткен тәулікте республиканың су қоймаларында 10 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

  • 2 Тамыз 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Кеше Ақтөбе облысына қарасты Қандыағаш қаласында «Молшылық» СОТ-2 саяжай алабының бөгеті аумағында суға шомылып жүрген 14 жастағы қыз батып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.

Алматы облысында 2 адам суға кетті. Бірінші қайғылы оқиға Қарасай ауданында Көлді ауылы тұсындағы көлде орын алып, 22 жастағы жігіт суға батты. Екінші оқиға Қапшағай қаласында «Чайка» демалыс аймағында болды. Шомылып жүрген 28 жастағы жігіт суға тұншығып өлді.

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында Тассу өзеніне суға түскен 25 жастағы жігіт батып кетті.

Оралда Жайық өзеніне 18 және 24 жастағы жігіттер суға кетіп, қаза болды. Олардың денесін облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш өзеніне 42 жастағы азамат батып кетті. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында осыдан үш күн бұрын Сырдария өзеніне батып кеткен 32 жастағы жігіттің денесін ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.

Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданында «Дельфин» демалыс аймағында шомылып жүрген 24 жастағы жігіт суға кетті. Сонымен қатар Ақтауда белгісіз жағдайда 23 жастағы жігіт Каспий теңізінде суға ағып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары шығарды.

Соңғы жаңалықтар