Жарияланды: 310

Өткен тәулікте Жамбыл облысында жол апатынан төрт қырғызстандық қаза тауып, тағы төртеуі жараланды

Тараз. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өткен тәулікте Жамбыл облысында жол апатынан төрт қырғызстандық қаза тауып, тағы төртеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 14.00-де Шу - Қордай тас жолының 10-шы шақырымында Қырғызстанда тұратын 38 жастағы "ВАЗ-2107" жүргізушісі көлігін басқара алмай, 30 жастағы Шу тұрғыны айдаған "ГАЗ-53" көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, соның ішінде бір жастар шамасындағы бала оқиға орнында жан тапсырып, тағы төрт жолаушы жарақаттанды. Зардап шеккендердің бәрі - Қырғызстан азаматты. Сондай-ақ, бүгін сағат 02.20-да Алматы - Ташкент тас жолының 150-ші шақырымында "Ауди-100" көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан азаматы өзінің 36 жастағы отандасын көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан кезде қағып кетті, ол оқиға орнында жан тапсырды. ІІД-нің мәліметінше, жыл басынан бері Жамбыл облысындағы тас жолдарда транзиттік көліктердің кінәсінан 53 жол апаты шығып, соның салдарынан 64 адам қаза тауып, осынша адам ауруханаға түсті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть