"Отсталый болмасаңдаршы": Сәуле Әбілдаханқызы медаль алатын адамдарды қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отсталый болмасаңдаршы": Сәуле Әбілдаханқызы медаль алатын адамдарды қатаң сынға алды

"Отсталый болмасаңдаршы": Сәуле Әбілдаханқызы медаль алатын адамдарды қатаң сынға алды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы медаль, алғыс хат алатын адамдарды қатаң сынға алды.

  • 23 Қазан 2023
  • 1064
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Алғыс хат, грамота, құрметті азамат, орден-медаль, қызметімен құттықтау" т. с. с. "атақтар" модадан қалып, ол "уровеньнен" келесі деңгейге өтетін уақыт болды ғой… отсталый болмасаңдаршы", — деп жазды журналист.

Естеріңізге салсақ, осыдан біраз уақыт бұрын Сәуле Әбілдаханқызы ақын-жазушыларды да сынап, оларды "екіжүзді" деп атаған болатын.

"Мен ақын-жазушыларды мүлде оқымайтын да, иыңдамвйтын да болғанмын… көбі маска киген екіжүзділер, сөзі басұа, ісі басқа… жүрек айниды… Аманжолдың не жазғанын білмеймін, оқыған жоқпын, оқығым да келмейді. Мен осындағы жалпы "заголовоктарға" қарап, және кейбір кісілердің "ат сұрап алды… ат мінгізді…" деген сөздеріне орай, өзімнің машина мінген кезім, сол кездегі бәзбіреулердің қылқынғаны есіме түсіп кетті…

Мініпті. Мінсін, мейлі. Мінгізіпті. Мінгізсін, мейлі. Құтты болсын де де қой… соны соооншамма сөз қылып", — деген болатын журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Соңғы жаңалықтар