Отставкаға кеткен судьялар өмір бойы қаржылай қамтамасыз етілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отставкаға кеткен судьялар өмір бойы қаржылай қамтамасыз етілетін болады

Отставкаға кеткен судьялар өмір бойы қаржылай қамтамасыз етілетін болады

Бүгін Парламент Сенатында осындай заң қабылданды.

  • 2 Шiлде 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес судья қызметін кемінде 15 жыл бойы атқарып, зейнетке шыққандарға мемлекеттік бюджеттен төлемақы бөлінеді және оған салық салынбайды. Көлемі судьяның соңғы лауазымдағы алған ай сайынғы жалақысының тең жартысына тең болады. Заң келер жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Қазіргі таңда елімізде отставкаға шыққан 508 судья бар. Егер отставка мерзімі аяқталса, ақша төлеу тоқтатылады. Депутаттардың пікірінше, игі шара өз қызметін адал атқаруы үшін судьяларды ынталандыру мақсатында жасалып отыр.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


— Бұл заң жобасы – 15 жылдан астам уақыт бойы жауапкершілігі жоғары, ауыртпалығы зор, қиын да күрделі судьялық қызметті тек қана абыроймен атқарған судьяларға жасалатын құрмет. Яғни зейнетке шыққандардың барлығына емес, тек құрметті судьяларға ғана беріледі. Өмірлік қамтылым судьяларды кіршіксіз таза қызметін аяқтауға ынталандырады, — деп хабарлайды 
http://24.kz/.