Отын-энергетикалық кешенді дамытуға 2009 жылы 60 млрд астам теңге қарастырылған
Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Отын-энергетикалық кешенді дамытуға 2009 жылы 60 млрд астам теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бюджеттің бір ірі блогы отын-энергетикалық кешенге арналған, оған жыл сайын ауқымды қаражат қарастырылады. Мәселен, 2009 жылы 62,8 млрд теңге, 2010 жылы - 99,7 млрд теңге, 2011 жылы - 74,5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған", - деді Б. Сұлтанов.
Бұл соманың аясында жергілікті бюджеттерге отын-энергетикалық жүйені дамытуға арналған мақсатты трансферттерге 2009 жылы - 47 млрд теңге, 2010 жылы - 79,9 млрд теңге және 2011 жылы - 55,3 млрд теңге бөлу көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін