Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының сайтында хабарланды.
«28.08.2014 жылы сағат 20:00 шамасында азамат өз әкесімен алкогольді ішімдік ішіп, араларында туындаған жанжалдың салдарынан әкесін соққының астына алған, салдарынан ол оқиға болған жерде ажал құшты,-делінген хабарламада.
Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Кентау қалалық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 103-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын түзеу мекемесінің жалпы режімінде өтейді.