Өз жұмыс орнын тонаған жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз жұмыс орнын тонаған жігіт ұсталды

Өз жұмыс орнын тонаған жігіт ұсталды

Алматыда жұмыс орнында жалған тонау ұйымдастырып, 100 мың доллар жымқырмақ ақша айырбастау орнының қызметкері ұсталды. Ірі көлемдегі теңгені сол күні менеджер жігіт доллар бағамына ауыстырып, орнына қою тиіс болған екен. Бірақ жолай ойы бұзылған күдікті тәртіп сақшыларын шақыртып, қаржының түгелдей қолды болғанын айтыпты. Яки, тасымалдау кезінде оның көлігіне қаруланған белгісіз біреулер шабуыл жасаған.

  • 7 Наурыз 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz


Тергеу барысында 24 жастағы жәбірленуші түсінік беруден жиі шатасқан екен. Кейін өзі оқиғаны ойдан шығарып, арам ойын жүзеге асыруға тіпті танысын тартқанын да мойындапты. «Ұрланды» деген 100 мың доллар күдіктінің көлігінен табылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, ақша айырбастау пунктінің қызметкері тергеу изоляторында жабылды. Күдікті үйленген, екі баланы әкесі бұрын-соңды сотталмаған.