Өзбек боксы қазақ боксынан мықты дегенмен келіспеймін - Қамшыбек Қоңқабаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбек боксы қазақ боксынан мықты дегенмен келіспеймін - Қамшыбек Қоңқабаев

Өзбек боксы қазақ боксынан мықты дегенмен келіспеймін - Қамшыбек Қоңқабаев

Кәсіпқой боксшы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев  Баходир Джалоловтың "Өзбек боксы қазақ боксынан мықты" деген пікіріне жауап берді. 

  • 1 Қараша 2023
  • 218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Аслан Каженовқа берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Өзбек боксы қазақ боксынан мықты дегенмен келіспеймін. Барша жанкүйерлер, боксты түсінетін адам біледі. Бокс тек төбелес емес, ол — өнер. Сондықтан ол жерде әдемілік те бар, қазақ боксының классика екенін бүкіл әлем біледі. Сөзбен емес, іспен көрініп тұр. Мен бұл жерде басқа елдердің боксы нашар деп жатқаным жоқ. Бірақ, бізідң бокстың әдемі екенін бәрі біледі", — дейді спортшы. 

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындары физикалық жүктеме тұрғысынан Ташкентте өткен әлем чемпионатынан әлдеқайда ауыр болғанын да жасырмады.

"Азия ойындары Ташкентке қарағанда ауырлау болды. Жүктеме жағынан ауыр болды. Бірақ,  ауыр болса да, норманың шегінде болды. Бапкерлеріміз өздерінің жұмыстарын, беске біледі", — дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар