Жарияланды: 380

Өзбекстан газды Қырғызстанға еуропалық бағаға сатуы мүмкін

Бішкек. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан газды Қырғызстанға еуропалық бағаға сатуы мүмкін. Бұл туралы кеше Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрі Акылбек Жапаров "Қырғызстанның 2008 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы" баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жуырда Өзбекстан мен Ресей өзара газды еуропалық баға - 305 долларға сатуға келісті. Өзбекстанның біз үшін жеңілдік жасауы неғайбіл", - деді А. Жапаров. Оның айтуынша, газ бағасының өсуі "жылдың екінші жартысындағы инфляциялық процестерге әсер етпек". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін