Өзбекстан мен Тәжікстан Қазақстан үшін егін суаратын суды өткізбей отыр - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан мен Тәжікстан Қазақстан үшін егін суаратын суды өткізбей отыр - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы

Өзбекстан мен Тәжікстан Қазақстан үшін егін суаратын суды өткізбей отыр - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан мен Тәжікстан Қазақстан үшін егін суаратын суды өткізбей отыр. Бұл туралы жұма күні баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Шiлде 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

А. Рябцев келісімдерге сәйкес Қазақстан Қырғызстанның электр қуатын сатып алып, ал Қырғызстан Тоқтағұл суқоймасынан Қазақстан үшін секундына 150 текше метр су жіберуге тиіс екендігін түсіндірді. Ал Өзбекстан өз кезегінде судың осыншалықты көлемін Қазақстан үшін өткізіп жіберуге міндеттенеді. Алайда, келісімдер орындалмай отыр.

«Қазіргі таңда Қазақстан 473 млн теңге төлеп, Қырғызстаннан 74,5 млн кВт-сағат электр қуатын алды. Алайда, біз суды ала алғамыз жоқ. Қазір Тоқтағұл суқоймасынан арнайы Қазақстан үшін су ағыны 150 текше метрге артса да, Достық каналы арқылы жіберілген су тек секундына 10 текше метрге ғана ұлғайып, секундына 35 текше метрді құрап отыр. Ал негізінде ол секундына 85 текше метр болуға тиіс еді», — деп хабарлады А. Рябцев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті