Жарияланды: 510

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов бүгін бірінші ресми сапармен Әзербайжанға барды

Баку. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бакуге бүгін екі күндік ресми сапармен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Әзербайжан СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

"Ислам Кәрімов Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездеседі. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша гуманитарлық, сауда-экономикалық, салық, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық технологиялар, ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылады ", -деп хабарлайды СІМ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін