Өзбекстан президенті Назарбаевқа телефон соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенті Назарбаевқа телефон соқты

Өзбекстан президенті Назарбаевқа телефон соқты

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.

  • 12 Қазан 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Президенттер елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуы жөнінде әңгімелесіп, Қазақстандағы биылғы Өзбекстан жылы аясында көп жақты ықпалдастықты тереңдету үшін атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.  

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болған.