Өзбекстан Қырғызстанның электр қуатынан бас тартты
Бішкек. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан Қырғызстаннан Ферғана аңғарына тартылған электр қуатынан бас тартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Vesti.uz сайтына сілтеме жасай отырып. |
Оның мәліметтеріне сүйенсек, Ферғана аңғарының қажеттіліктері ішінара Қырғызстаннан әкелінетін электр қуаты есебінен толтырылып отырған. Алайда, өзбек жағы жаңа жоғары кернеулі желіні іске қосты. Ол Өзбекстанға көршілес мемлекеттен электр қуатын сатып алу қажеттігінен босатады.
Жаңа электр тарату желісі Ферғана аңғарын Ташкент жанындағы Жаңа Ангрен жылу электр станциясымен байланыстырды. Желі құрылысының құны 60 млн АҚШ долларын құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін