Жарияланды: 460

Өзбекстанда лаңкестік әрекеттер тағы да жасалды

Бүгін, 30-наурыз күні таңертең Өзбекстанда лаңкестік әрекеттер тағы да жасалды. Ташкент маңындағы Кибрай ауданында жарылыс жасалып, болжам бойынша, лаңкестер мен милиция қызметкерлерінің арасында атыс болған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құқық қорғау мекемелерінен ИТАР-ТАСС агенттігіне хабарлағанындай, оқыс оқиғадан жараланғандар бар.

Өзбекстандағы тәуелсіз TRIBUNE-uz интернет-басылымы бүгін таңертең Ташкенттің өзінде де екі жарылыс болғанын хабарлайды. Бейресми мәліметтерге сәйкес, жарылыстар құқық қорғау мекемелері қызметкерлеріне қарсы бағытталған. Басылым оқиға куәгерлерінің уәжін келтіреді. Олардың айтуынша, алғашқы жарылыс Ташкент трактор зауытының маңындағы милицияның күзет бекетінің жанында болған. Ал екінші жарылыс Өзбекстан астанасының солтүстік-шығыс бөлігінде болды. Бұл ақпарат пен оның егжей-тегжейі әзірге расталмай отыр. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Өзбекстан астанасы мен Бухара ауданында кеше бірден бірнеше жарылыс болды. Соның салдарынан 19 адам қаза тапты. Өзбекстан ІІМ лаңкестік әрекеттерге дайындықты жүзеге асырды деген күдікпен 11 адамды ұстады. Атап айтсақ, Тойтеп Фуркат Юсупов есімді қала тұрғыны ұсталды. Ол республика астанасына қолдан жасалған 10 жарылғыш затты алып өтпек болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін