Жарияланды: 50

Өзбекстанда қанша қазақ тұрады

Өзбекстанда қанша қазақ тұрады

Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы кафедра меңгерушісі Мансұр Бекмурадов өз елінде тұрып жатқан қазақтар туралы айтып берді.

«Өзбекстанда 1,5 миллионнан астам қазақ өмір сүруде. Біздің елде 100-ге жуық қазақтың ұлттық мәдени орталықтары қызмет етуде, сондай-ақ 500-ден астам жалпы білім беретін мектеп бар. Атап айтқанда, қазақ тілінде кадрлар даярланып жатыр және ансамбльдер, театрлар жасақталған. Осы орайда, Өзбекстандағы қазақтарға тиісті жағдайлар жасалған», - деді шетелдік сарапшы «Қазақстан және Орта Азия: этноәлеуметтік процестер мен этномәдени байланыс» тақырыбында  ҚХА-ның Орталық Азия ғылыми сарапшылық кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар, ол жақында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне тоқталды. Оған сәйкес, өзбек ұлтына жатпайтын тұрғындардың 97 пайызы Өзбекстанды өздерінің туған елі деп санайтындығын және ешқандай да қысым болмағанын атап өткен.

«Өздеріңіз білесіздер, Орталық Азияның халықтары толеранттығымен, өзге халықтарға деген сүйіспеншілігімен, олардың мәдениетіне сыйластықпен қараумен ерекшеленеді. Бүгін Астанада Орталық Азия тақырыбында өтіп жатқан отырыс ары қарай қай бағытта дамудың мүмкіндіктерін жете түсінуге ықпал етеді. Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп белгіленген. Бұл өз кезегінде екі елдің жақындаса түсуіне мүмкіндік береді», - деді М. Бекмұрадов.

Осы орайда ол алдағы жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы басталатынын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы ретінде белгіленді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть