"Өзбекстанда қазақтан ұтылмаңдар деп айтады екен": Танымал бапкер қазақ пен өзбек спортшылары арасындағы бәсекелестік туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзбекстанда  қазақтан ұтылмаңдар деп айтады екен":  Танымал бапкер қазақ пен өзбек спортшылары арасындағы бәсекелестік туралы айтты

"Өзбекстанда қазақтан ұтылмаңдар деп айтады екен": Танымал бапкер қазақ пен өзбек спортшылары арасындағы бәсекелестік туралы айтты

Qazaq boxing залының жаттықтырушысы, әлеуметтік желілерде танымал тренер  Мұхит Амантаев  қазақ боксы өзбек боксынан жоғары екенін мәлімдеді.&nb

  • 24 Шiлде 2023
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Abay Live" бағдарламасында айтты,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Өзбекстанда басқа-басқа қазақтан ұтылуға құқыларың жоқ деп айтады екен. Бізде де дәл солай ғой. Басқа-басқа өзбектің боксшысынан ұтылуға болмайды деген. Бұл спорттық бәсекелестік шығар. Бірақ, біздің бокс өзбек боксынан бір бас жоғары. Біздің бокс таза, жүрген жүрісі, манерасы, аяқта ойнауы әдемі. Өзбек боксы да жай-жай соған келііп жатыр. Сонда да өзбек боксшыларының бокстары "кірлеу".  Кейбір кезде шынтақпен ұрады, баспен кіреді, лақтырып жіберді. Ал, олар керек емес дүниелер. Біздің қазақтың боксы жасаған да, жасайды да", — дейді ол. 


Сондай-ақ, спортшы Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінде қазақ боксшыларынан қандай нәтиже күткенін де жасырмады. 

"Әлем біріншілігіне біздің спортшылар Өзбекстанға кетіп бара жатқанда Қазақстан боксына өте қиын болады дегем. Мен өзім в шоке болдым шынымды айтсам. Жалғыз маған емес, бүкіл адамға сенсация болды деп ойлаймын. Өйткені жарыс солардың жерінде болса, жеңіп тұрсаң да бермей қоятын. Әділетсіздік, бұрмалаушылық  көп болатын. Мен екі-ақ әлем чемпионы болады деп ойладым. Олар — Аслан Шымбергенов және Махмұд Сабырхан", — дейді бапкер. 

Соңғы жаңалықтар