Жарияланды: 590

Өзенмұнайгаздың көлік бөлімшелерінің жұмысшылары еңбек жағдайлары мен жалақыларының қайта қарастырылуын талап етуде - "ҚазМұнайГаз" Барлау және Өндіру

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Жаңаөзен қаласындағы Өзенмұнайгаздың көлік бөлімшелерінің жұмысшылары еңбек жағдайлары мен жалақыларының қайта қаралуын талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ҚазМұнайГаз" Барлау және Өндіру" АҚ қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасай отырып.

"Өзенмұнайгаз жұмысшыларының ең өзекті проблемалары - айлық жалақыны қосу, жұмысшылардың отбасы мүшелерін жұмыспен қамтамасыз ету, ссуда немесе материалдық көмек бөлу, қызметкерлердің балаларының оқу ақысын төлеу, жұмыс орындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту", - деп көрсетілген департамент хабарламасында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін