"Өзге актерлер де киген: "Танымал актер Юрий Никулин неге үнемі қазақы тақия киіп жүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзге актерлер де киген: "Танымал актер Юрий Никулин неге үнемі қазақы тақия киіп жүрген

"Өзге актерлер де киген: "Танымал актер Юрий Никулин неге үнемі қазақы тақия киіп жүрген

Кеңес Одағы кезінде түсірілген көне фильмдердегі кейбір кейіпкерлердің тақия киіп жүргенін байқауға болады. Әсіресе көпшілікке жақсы таныс танымал актер Юрий Никулиннің де қазақы тақиясын тастамайтынын көзі қарақты көрермен байқаған.

  • 9 Қаңтар 2023
  • 3172
Фото - Caravan.kz

Мұның сыры неде, деп сауал тастады Серік Абас-шах желіде. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды,    

"Балбестің рөлін сомдаған кей фильмдерде (“Пес Барбос и необычный кросс”, “Кавказская пленница, или Новые приключения Шурика”) Юрий Никулин ағамыз тақия киіп жүреді. Әрқайсымызға бала кезден таныс кино ғой, кішкентай кезімде ойлайтынмын, осы тақия біздікі емес пе екен осы деп. Бірақ ешкімнен сұрамаппын.

Кавказдықтардың киім үлгісіне мұндай тақия тән емес, мұны татарлардың тақиясы деуге де келіңкіремейді, ұйғыр ағайындардікіне ұқсамайды, өзбектерде тақияның түрлері көп қой, бірақ өз ағамның мен білетін тақиялары мұндай емес сияқты.

Киіз үй сияқты дөп-дөңгелек болып, көзіме жылы ұшырап ақ тұр. Бірақ бұл тақияны қазақтардыкі деп айтуға сенімді емеспін.

Араларыңызда мамандар бар шығар, қалай ойлайсыз, ағайын?",- деп жазды Серік Абас-шах.

"Мұндай тақиялар қазақ, қырғыз, құмық, ноғайларға тән сияқты. Өзбектердікі емес", "Таза Қазақи тақия ғой!", "Мені де осы сұрақ бала кезден мазалап жүр еді. Қазақтікі деп бірден айтуға болмайды деп ойлап қоятынмын", "Соғыстан кейін тақия Ресейде мода болған сияқты, Соғыс кезінде  азияны паналап,  кетерінде киіп кеткен секілді", — деп жазды оқырмандар. 

Бір қызығы мұндай тақия кигендерді  Кеңес Одағы кезінде шыққан өзге де фильмдерден байқауға болады.


«Белое солнце пустыни»,

«Старик Хоттабыч»

 «Место встречи изменить нельзя»

«Дело Румянцева»  сиқты бірқатар фильмдерден байқауға болады.

Соңғы жаңалықтар