Өзі жұмыс істейтін дүкенді тонаған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзі жұмыс істейтін дүкенді тонаған

Өзі жұмыс істейтін дүкенді тонаған

Қарағандыда ерекше сценариймен интернет дүкенге шабуыл жасағандар ұсталды. Кеңсеге басып кіргендер, сауда агенті мен кассирді байлап тастап, 1 миллион теңге мен бағалы заттарды сыпырып кеткен.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 174
Фото - Caravan.kz


Алайда, мұның барлығы кеңседегі сауда агентінің ойлап тапқаны болып шықты. Бейнетаспаны қайталап көрген полицейлер зардап шегушінің  әрекетінен мін тауып оның айласын әшкерелеген. Осылайша өзінің жұмыс орнын тонауды жоспарлаған жігіт, ақыры сыбайластарын ұстап беруге мәжбүр болды. Үш қаскөй қаладан қашып бара жатқан жерінде қолға түсті. Араларында 25 жастағы қыз да бар екен. Ал көліктен қолды болған қаражат табылған.