"Өзінен 16 жас кіші": Былапыт сөздерімен танылған "завуч" өзін зорламақ болды деп айыптаған жігітке қатысты сот отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзінен 16 жас кіші": Былапыт сөздерімен танылған "завуч" өзін зорламақ болды деп айыптаған жігітке қатысты сот отырысы өтті

"Өзінен 16 жас кіші": Былапыт сөздерімен танылған "завуч" өзін зорламақ болды деп айыптаған жігітке қатысты сот отырысы өтті

Түркістан облысы Бадам ауылындағы былапт сөздерімен танылған атышулы "завуч" Ұлжан Елмұратованың өзінен 16 жас кіші баланы "мені зорламақшы болды" деп 5 жылға соттатып жіберген істің аппеляциялық отырысы өтті. 

  • 27 Желтоқсан 2022
  • 1078
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Құрал Сейітханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Түрмеге түскен 20 жастағы баланың ата-анасы мен Бадам ауылының тұрғындары "Жала жабылды. Сот әділ шешім шығарады деген үміттеміз", — деп отыр. Көп балалы аналар сот отырысына қолдау білдіруге келген.

Алайда, аппеляциялқ сот отырыс нақты шешімін шығарған жоқ. Ендігі сот  отырысы 10 қаңтарға қалды. . 

Жалпы, Ұлжан Елмұратованың сотқа арыздану бірінші рет емес көрінеді.

" Боқтампаз зауыштың осы күнге дейін қаншама адамдарды жала жауып сорлатқанын бәрі біледі. Тіпті бір қыздың анасы қызы үшін беретін қаражаты болмай Технодомнан несиеге кір жуғыш машина т.б заттар әперуге мәжбүр болғанын байғұс ананың өз аузынан естіп жағамызды ұстаған едік. Боқтампаз зауыштың бұдан басқа толып жатқан небір адам жиіркенетін әрекеттерін тізіп жатпай-ақ қоялық", — деп жазды Құрал Сейітханұлы. 

Естеріңізде болса, биыл маусым айының ортасында әлеуметтік желілерде "боқтампаз" педагогтың видеосы тараған. Видеодан Ұлжан Елмұратованың өзге көлік жүргізушісіне боқауыз сөздерді қарша боратып тұрғанын көруге болды. Кейінірек көпшілікке оның Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары екені мәлім болды. Көп ұзамай "завуч" қызметінен кетті. Алайда ол журналистерге берген сұхбатында сол сәтте стрестік күйде болғандықтан боқауыз сөз айтқанын және онысы үшін күллі жұртшылықтан кешірім сұрайтынын мәлімдеген. Кейіннен былапыт сөзімен әлеуметтік желіде танымал болған педагог өз-өзіне қол жұмсап, аман қалғаны туралы ақпарат шықты.


 

Соңғы жаңалықтар