Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын жеті сайт жабылды - БҚО прокуратурасы
![]() |
Бөрлі ауданы прокуратурасы қолға алған жедел шаралар нәтижесінде өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын жеті сайт жабылды. |
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, өткен жылдың 25 қарашасында Ақсай қаласында асылып өлген 16 жасар қыз өзіне-өзі қол жұмсағанға дейін ғаламтор арқылы адамдардың өзін-өзі өлтіруін насихаттайтын «Өзін-өзі өлтіру» және «Өзін-өзі өлтіру арқылы қалай өмірмен қоштасуға болады» сайттарына жиі кірген. Бұл осы оқиға орын алғаннан кейін әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында белгілі болды.
Жедел әрекет еткен аудан прокуратурасы жоғары тұрған прокуратура органдарына көрсетілген ғаламтор көздерін тоқтататын шараларды қабылдау туралы өтінішхат жіберген болатын. Соның нәтижесінде сайттар түгел жабылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін