П. Порошенко Н. Назарбаевпен әңгімелесу барысында жоғары деңгейдегі кездесуді Астанада өткізуге ықыласты екенін растады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
П. Порошенко Н. Назарбаевпен әңгімелесу барысында жоғары деңгейдегі кездесуді Астанада өткізуге ықыласты екенін растады

П. Порошенко Н. Назарбаевпен әңгімелесу барысында жоғары деңгейдегі кездесуді Астанада өткізуге ықыласты екенін растады

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Порошенко телефон арқылы сөйлесті.

  • 16 Қаңтар 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары Украинадағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

П.Порошенко жоғары деңгейдегі кездесуді өзінің Астанада өткізуге ықыласты екенін растады. Ол сонымен қатар таяу уақытта «норманд төрттігінің» сыртқы істер министрлері мен Шығыс Украинадағы дағдарыс жөніндегі байланыс тобының кездесуі өтетінін, онда Қазақстанның елордасында талқыланатын құжаттың жобасы әзірленетінін атап өтті.

Әңгіме барысында Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшыларының Астанадағы кездесуін қаңтардың аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды.


Телефон арқылы сөйлесуге Украин жағы бастамашы болды.