«Егер қазба байлықтарына салық салатын болсақ, онда кен орындарын пайдаланушылардың салық базасы екі есеге дейін көтеріледі», — деді Д. Ерғожин.
«Ең көп дегенде екі есеге өседі, бірақ оны есептеу керек», — деп сөзін жалғастырды ол.
Оның ақпараты бойынша, биылғы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет қоржынына 500 млн теңгеден аса салық түсімдері аударылды.
Бүгін хабарланғанындай, ҚР қаржы министрлігі ренттік түсім салығының орнына пайдалы қазба өндіруге салық салуға ұсыныс жасалғаны туралы қаржы вице-министрі Д. Ерғожин құлағдар еткен.
«Осыған байланысты біз салық кодексіне кезекті өзгертулер мен толықтырулар енгіземіз. Сол арқылы республика шикі заттан түсетін тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі «, — деді Д. Ерғожин.
Ол түсіндіргеніндей, пайдалы қазбаларға салынатын түсім салығының орнына салық салынуы мүмкіндігі туралы мәселе көтерілуде. » Бүгінде біз роялти және ренттік салық туралы әңгіме көтеріп отырмыз, олар іс жүзінде жалпы көлемде төленбейді», — деді Д. Ерғожин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті