"Пәк сезіммен сүйем деген сөздерің қайда?!": Мадина Сәдуақасова өлең жолдары арқылы нені білдіргісі келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пәк сезіммен сүйем деген сөздерің қайда?!": Мадина Сәдуақасова өлең жолдары арқылы нені білдіргісі келді

"Пәк сезіммен сүйем деген сөздерің қайда?!": Мадина Сәдуақасова өлең жолдары арқылы нені білдіргісі келді

Мадина Сәдуақасова махаббат жайлы ерекше жазба қалдырып желідегі оқырмандарын тағы да ойландырып қойды.

  • 7 Қазан 2020
  • 1357
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын бір сұхбатында күйеуі  туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан Мадина Сәдуақасова елді екіұдай ойда қалдырған  болатын. 

Сонымен қатар ол өзінің әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасына тағы да ерекше жазба қалдырды: 

 "Махаббатпен мұңдасатын,

Сырласатын түндер қайда?

Сен мен үшін, Мен сен үшін,

Ең жақын болған күндер қайда?

Сүйіп қалып, Күйіп жанып,

Өртенетін кездер қайда?

Ақ сезіммен, Пәк сезіммен,

Сүйем деген сөздерің қайда?" 

Дәл осы өлең жолдарынан соң желі оқырмандары күйеуіне өлең арқылы әлденені жеткізіп жатыр деп болжауда.

"Мадина күйеуіңізбен ажырасып кеттіңіз ба?!", "Сізде бәрі дұрыс па?!", "Күйеуіңізге өлең арқылы айта алмаған сезіммен бөлісіп жатырсыз ба?", "сізді ажырасып кетті дейді,қаншалықты рас?!", "Жасырмай жарияласаңызшы", — 
деген пікірлер оқша борауда.

Алайда, Мадина ханым ашып ештеңе айтқан жоқ.

Еске салсақ, белгілі әнші Мадина Садуақасова биылғы демалысын Египетте ұлымен және сііңілісімен ғана өткізіп жүр. Бұған қоса еркін түскен түрлі суреттер жариялай бастады. Ал жолдасының ол жаққа неге бармағаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар