Пакеттің ішінен мәйіті табылған сәбидің анасы іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пакеттің ішінен мәйіті табылған сәбидің анасы іздестіріліп жатыр

Пакеттің ішінен мәйіті табылған сәбидің анасы іздестіріліп жатыр

Қостанайда пакеттің ішінен мәйіті табылған сәбидің анасы әлі іздестіріліп жатыр. Құқық қорғаушылар қала емханаларында, перинатальдық орт

  • 22 Тамыз 2017
  • 245
Фото - Caravan.kz

Қостанайда пакеттің ішінен мәйіті табылған сәбидің анасы әлі іздестіріліп жатыр. Құқық қорғаушылар қала емханаларында, перинатальдық орталықтар мен жеке клиникаларда есепте тұрған әйелдерді тексеріп шықты. Бұл туралы облыстық прокуратура alau.kz сайтына хабарлады.

Қала клиникаларынан кеңес алған жүктілік мерзімі сәйкес келетін әйелдердің аталған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

«Жеке іздеу тобы перинатальдық орталықта есепке алынған мәйіт табылған аумақта тұратын жүкті әйелдерді қарап шықты. Жаңа туған баланың мәйіті табылған аумақтағы жеке секторда үй-үйді аралау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл дерек «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді», — деп хабарлады облыстық прокуратура.

Қазіргі таңда қылмыс әлі ашылған жоқ. Тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.


Естеріңізге сала кетейік, 2 тамыз күні Қостанай полициясы Оңтүстік бөлімінің «102» пультіне фармацевт қоңырау шалды. Ол қаңғыбастардың бірі «Фараон» клубының жанында пакетке салынған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар